«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында Президент Қ. Тоқаев заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аудара келіп, медиация туралы «Дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдерін де дамыту қажет. Бұл ұстаным мемлекеттің қатысуынсыз-ақ ымыраға келуге жол ашады. Дамыған елдерде мұндай институттар өзін өзі таныта білуде», деп атап айтты.

Мемлекеттік органдардың қолдауының арқасында елімізде медиация институты белсенді дамып, азаматтар мен кәсіпкерлердің әртүрлі дауларды сот органдарына жүгінбей-ақ, екі жаққа да ұтымды шарттар арқылы шешуіне жәрдемін тигізуде. Бұған «Сарыарқа» ауданы медиаторларының қызметі дәлел.

Дауларды (жанжалдарды) сотқа баламалы түрде, соның ішінде АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы алаңдарында реттеуді насихаттау мақсатында 2022 жылғы 15 қыркүйекте астананың «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің мәжіліс залында  «Шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету кепілдіктері» тақырыбында панельдік сессия өтті. Іс-шараға қатысушыларға – «Сарыарқа» ауданының ірі және орта бизнесі өкілдеріне шарттар жасау кезінде тараптардың міндеттемелерін кепілдікті түрде орындауын қамтамасыз ету мүмкіндіктері көрсетілді.

Форумды ұйымдастырушылар – «INTERNATIONAL MEDIATION CENTRE» РҚБ және «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты. Сессияны модератор, Сарыарқа ауданының бірыңғай қызметтер орталығының директоры Ақжүніс Мұсырман жүргізді. Іс-шараға бизнес өкілдерімен бірге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдіктің директоры Қ.Түренова бастаған медиаторлар қатысты.

Іс-шара бағдарламасында: «Сарыарқа» ауданы Әкімінің орынбасары Ә.Ахимбековтің, «INTERNATIONAL MEDIATION CENTRE» РҚБ медиация сарапшысы, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы сот төрелігі академиясының лекторы Қ.Тулекеевтің, «INTERNATIONAL  MEDIATION CENTRE» РҚБ халықаралық байланыстар жөніндегі өкілетті өкілі, бітімшілік процедуралар сарапшысы Н.Тулекееваның,    сөз сөйлеуі, талқылаулар, консультациялар болды.

 

         В Послании «Казахстан в новой реальности: время действий» Президент К.Токаев обратив особое внимание на вопросы обеспечения верховенства закона, отметил важную роль медиации. «Нужно развивать и альтернативные способы разрешения споров, что позволит находить компромиссы без участия государства. Такие институты хорошо показали себя в развитых странах», подчеркнул Глава государства.

Благодаря поддержке государственных органов в нашей стране активно развивается институт медиаций, который помогает гражданам и предпринимателям решать различные споры без обращения в судебные органы на обоюдовыгодных условиях. В этом направлении активно работают и медиаторы района «Сарыарка, внося свой вклад в укрепление стабильности и согласия в обществе.

В целях пропаганды альтернативного суду урегулирования споров (конфликтов), в том числе на площадках Суда МФЦА и Международного арбитражного центра, 15 сентября 2022 года в зале заседаний акимата района «Сарыарка» столицы состоялась панельная сессия на тему «Гарантия обеспечения исполнения договорных обязательств». Участникам мероприятия – представителям крупного и среднего бизнеса района «Сарыарка» были показаны возможности обеспечения гарантированного исполнения обязательств сторонами при заключении договоров.

Организаторами форума являются РОО «INTERNATIONAL MEDIATION CENTRE»  и аппарат акима района «Сарыарка». Сессию вела модератор, директор единого центра услуг района «Сарыарка» Акжунус Мусырман. В работе сессии вместе с представителями бизнеса приняли участие и медиаторы, во главе директора представительства по столице К.Туреновой.

В мероприятии выступили  заместитель Акима района «Сарыарка» А.Ахимбеков, эксперт медиации РОО «INTERNATIONAL MEDIATION CENTRE», лектор академии правосудия при Верховном Суде РК К.Тулекеев, полномочный представитель по международным связям, эксперт примирительных процедур  РОО «INTERNATIONAL MEDIATION CENTRE» Н.Тулекеева, были обсуждения и консультации.

Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://zanger-roo.kz/novosti/82-15-sentyabrya-2022#sigProId840f600c67